18 Желт 2020
Страницы "Мамыт негізгі білім беру мектебі" КММ

Мектеп туралы

Мамыт НОББ мектебі

 

 

Балмаканова Ляззат Бактжановна – мектеп директоры

Қабылдау кестесі: Сәрсенбі, жұма 10:00-17:00

Жұмыс телефонының нөмірі: 8 (713) 59 40-1-70

Қысқаша өмірбаяны:

            Балмаканова Ляззат Бактжановна 27.06.1974 жылы Орынбор облысы  Светлый ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік институтын бітірген.

Мамандығы: Шетел тілі пәнінің мұғалімі.

Еңбек жолын 1995 жылы Басқұдық орта мектебінен бастаған.

2000 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқаруда.

Марапаттары:

  1. Құрмет грамотасы ҚР БҒМ «Үздік мұғалім»
  2. Халықаралық Қазақ Творчествалық Бірлестігінің « Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері
  3. Құрмет грамотасы 2015 жылғы «Үздік мектеп директоры»
  4. Ақтөбе облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен 2019 жылы
  5. «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсәптік одағыны

     Ақтөбе обылыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігі Құрмет грамотасымен 2019 жылы

 

 

Шаймолдина Гулжайнар Алимбаевна – оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасар.

Қабылдау кестесі: дүйсенбі, бейсенбі - 10:00-17:00

Жұмыс телефонының нөмірі: 8 (713) 59 40-1-70

Бухарбаева Жанаркул Мусиновна - тәрбие ісі жөніндегі орынбасар.

Қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма - 10:00-17:00

Жұмыс телефонының нөмірі: 8 (713) 59 40-1-70

 

Мұғалімдер саны: 14

Оқушылар саны: 40

Арнайы кабинеттер: Қазақ тіл, Өзін өзі тану

 

Мамыт негізгі мектебінің қысқаша тарихы

Мамыт негізгі мектебінің негізі 1934-35 оқу жылдарында құрылған.

Әуелі бастауыш мектеп болды. Алғашқы ұстаз – Сейтбақов Сейіл.

Кейіннен 1938-39 жылдары Басқұдық орталау мектебі болды.

Осы мектепте сол кездегі ұсақ колкоздардың (Шаруашылық, Жиделібұлақ, Аққабақ, Тұмабұлақ, Сарат т.б) барлық балалары білім  алған. Мектептің соғыс басталардағы директоры Әлжанов Қуаныш болды. Кейіннен Бердияров Өсер, Отаров Муса, Қойшыбаев Әбдіракман, Әбетов Әбдуали, Досмұратов Сұлтан, Ысқақов Марат, Ерғалиев Бауыржан, Балмаканова Ляззат басқарды.

       Мектеп жанында 50 балалық бюджетті интернат жұмыс жасаған. Оқушылар кей жылдары 250-ге дейін жетті.

     Кейін 2000 жылдан бастап 2006 жылға дейін орта мектеп болды.

2000 жылдан бергі мектеп директоры – Балмаканова Ляззат Бактжановна.

 2007 жылдан бастап бала санының азаюына байланысты негізгі мектеп болды. Мамыт мектебінің ең алғашқы түлектері – Шоқпытов Найман, Жұбанова Қаншай, Бағымбоев Бақтыгерей т.б. Олар түрлі жерде қызмет етті.

      Мектептің көп жылдық тарихындағы мектеп түлектері еліміздің сан-салалы жұмысында қызмет атқарады. Ғылым докторы – Төлеуов Асылбек, қазірде танымал азаматтардың бірі – Әсімбетов Қуаныш « Әсем Наз»  басшысы.        Досмұратов Фархат Сабыртайұлы 

Ақтөбе облыстық мәдени мұра зерттеу орталығының директоры осы мектептің түлектері.

Мамыт негізгі орта білім беретін мектебі

 

Жаңалыктар