26 Қар 2020
Страницы KZ "Мамыт негізгі білім беру мектебі" КММ

Мектеп туралы

Мамыт негізгі мектебінің қысқаша тарихы

Мамыт негізгі мектебінің негізі 1934-35 оқу жылдарында құрылған.

Әуелі бастауыш мектеп болды. Алғашқы ұстаз – Сейтбақов Сейіл.

Кейіннен 1938-39 жылдары Басқұдық орталау мектебі болды.

Осы мектепте сол кездегі ұсақ колкоздардың (Шаруашылық, Жиделібұлақ, Аққабақ, Тұмабұлақ, Сарат т.б) барлық балалары білім  алған. Мектептің соғыс басталардағы директоры Әлжанов Қуаныш болды. Кейіннен Бердияров Өсер, Отаров Муса, Қойшыбаев Әбдіракман, Әбетов Әбдуали, Досмұратов Сұлтан, Ысқақов Марат, Ерғалиев Бауыржан, Балмаканова Ляззат басқарды.

Мектеп жанында 50 балалық бюджетті интернат жұмыс жасаған. Оқушылар кей жылдары 250-ге дейін жетті.

Кейін 2000 жылдан бастап 2006 жылға дейін орта мектеп болды.

2000 жылдан бергі мектеп директоры – Балмаканова Ляззат Бактжановна.

2007 жылдан бастап бала санының азаюына байланысты негізгі мектеп болды. Мамыт мектебінің ең алғашқы түлектері – Шоқпытов Найман, Жұбанова Қаншай, Бағымбоев Бақтыгерей т.б. Олар түрлі жерде қызмет етті.

Мектептің көп жылдық тарихындағы мектеп түлектері еліміздің сан-салалы жұмысында қызмет атқарады. Ғылым докторы – Төлеуов Асылбек, қазірде танымал азаматтардың бірі – Әсімбетов Қуаныш « Әсем Наз»  басшысы.        Досмұратов Фархат Сабыртайұлы 

Ақтөбе облыстық мәдени мұра зерттеу орталығының директоры осы мектептің түлектері.

Жаңалыктар